Шаһар басшысы 90 жылдық тарихы бар, Түркістанның жылнамасын жазып жатқан басылымның, билік пен бұқара арасында алтын көпір болып, қаладағы барша айтулы шаралардан хабардар етіп отырған газеттің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Екі тілде ақпарат беріп, 8 мыңнан аса оқырманы бар “Түркістан”, “Туркистон” газеттерінің тарихынан құлағдар болып, редакцияға келген зиялы қауым өкілдерінің ақжарма тілектері жазылған “Қонақтар лебізі” кітабына өзіндік пікірін жазып, қолын қойды. Қала әкімі өз сөзінде: “Газет ел өмірінің тыныс-тіршілігін бағамдап, қоғамдық-саяси жаңалықтарды жариялап, елмен тығыз байналаныста болып келеді. Бүгінгі таңда журналистердің қоғамдық өмірдегі еңбегі мен үлесін бірауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Жаңа табыстарға жетуде үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктер тілеймін”, – дей келе, газет ұжымына алғыс хат ұсынды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.