Фестиваль аясында: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын арттыру, оларға қолдау көрсету мақсатында классикалық ән орындаушылар байқауы, балаларға арналған би байқауы, Түркістан облысының дамуы мен тарихи-мәдени киелі орындарын насихаттау мақсатында суретшілер мен фото суретшілердің «Түрленген - Түркістан» байқау-көрмесі, «Open Turkistan» танымдық бейнероликтер мен «Turkistan fashion» киім дизайнерлерінің байқауы бастау алмақ. Фестивальдің деңгейін көтеру, байқау қорытындыларының әділ өтуін қамтамасыз ету үшін опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, опера әншісі, Өзбекстан Республикасының халық артисі, опера әншісі Рамиз Усманов, ҚР мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, хореограф, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қызметкері Арман Нұрмахаматұлы, биші, хореограф, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кадиша Агымбаева, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, балерина Надира Хамраева, т.б. арнайы шақыртылып отыр.
Алдын-ала бекітілген байқау қағидаларына сәйкес, бүгінгі күнге дейін «Open Turkistan» бейнероликтер сайысына 93 бейнеролик келіп түссе, «Turkistan fashion» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына 50-ге жуық еңбек ұсынылып, финалға 10 дизайнердің жұмысы таңдалып алынған. Би байқауына барлық аудан, қалалардан 15 би ұжымы қатысуға өтінім берсе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы классикалық ән орындаушылар байқауына алдын-ала жүргізілген іріктеу кезеңі арқылы 25 үміткер соңғы кезеңге жолдама алса, «Түрленген Түркістан» суретшілер мен фото суретшілердің байқау-көрмесіне 33 кескіндемеші мен 17 фотосуретші өз жұмыстарын ұсынды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен Гала-концерт 2019 жылы 6 желтоқсан күні 17:00 де Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында өтеді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»