«Жайдарман» ойындары жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған. Ұзыната ауылдық округінің мәдениет үйінде «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты ұранымен өткен ойында ауыл әкімінің кубогы үшін командалар тартысты додаға түсті. Өз елдімекендерінің намысын қорғап келген командалар өзара мықтыны анықтады. Ауыл әкімінің кубогі үшін өткізілген сайыс «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы» конкурстарынан тұрды.
Қатысушы командалар 7-8 минуттың ішінде бар өнерін салып, көрерменнің көңілінен шығуға тырысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша І орынды Ұзыната ауылының «Жұлдызды жігіттері» иемденсе, ІІ орынға Қ.Тұрысбеков ауылының «Мирас», ал ІІІ орынға N16 колледжінің «Көк бөрі» командалары лайықты деп танылды. Қызықты да тартысты өткен сайыс ауыл жастары мен тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»