Киелі ауданның тазалығын бүгінгі таңдағы биік талғам мен талапқа сай берік сақтап, өңірді жасыл желекке оранған көрікті мекенге айналдыру мақсаты күн тәртібінен түсіп көрген емес. Осы бағытта "Ұлылар отаны" атанып, еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі "Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі" деп жоғары бағасын берген ауданда соңғы уақыттардың өзінде көптеген игілікті істер жүзеге асырылып, келген қонақтар мен аудан тұрғындарының көңілдерінен шығуда. Тек бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де жарқын игілігі үшін бүгін қасиетті Арыстанбаб бабамыз мәңгілік тыныстаған жердегі кесенесінің кіреберіс қақпасы маңына аудан әкімі Ә.Жүнісов, аудан прокуроры К.Нәрікбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Мыңжасаров пен аудандық мәслихаттың хатшысы М.Манапов бастаған мәслихат депутаттары мен аудандағы әр саланың бөлім басшылары шырша көшеттерін отырғызды. "Бір тал кессең, он тал ек" деген халық даналығын кейінгі жас буын ұрпақтарға үлгі етуді мұрат тұтқан бұл игілікті іс алдағы кездерде де жалғасын таба беретіні сөзсіз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.