Бұл туралы айтыскер ақын Айбек Ережеп өзінің «Facebook» парақшасында жариялады. "Ресей астанасы Мәскеуде ТМД елдерінің ең мықты жиырма бес жасқа дейінгі жас ақындары арасында өткен "Дельфилік байқауда" ақын Батырхан Сәрсенхан мен ресейлік ақын Арина Кондакова үздік деп танылды. Қазақ поэзиясының беделін асқақтатып келе жатқан Батырхан ініме шығармашылық табыстар тілеймін. Хафизден, Фирдаусиден, Науайиден, Абайдан кейінгі шығыс поэзиясының әлі де адамзат баласына айтары мол екенін ұғындырғандай кеш болды. Қазақ әдебиеті әлем жұртшылығын өз шеберлігімен, ойымен таң қалдыру қолдан келмейтін іс емес екенін Батырхан дәлелдеді. Себебі, біз дарынсыз, талантсыз ел емеспіз. Әдебиетіміздің алар асуы, шығар биігі көп болғай. Батырдың өлеңдері атақты "Москва" журналына жариялауға лайық деп табылды! Пушкиннің, Фетьтің, Пастернактың ізбасарларын бас шайқатқан Қазақ өлеңі жасай берсін!", - деп жазды Айбек Ережеп.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.