Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, танымал жайдарманшы Тағай Нұралиев және Нұрлан Сейітманов, Түркістан облыстық «Жайдарман» филиалының директоры Айдар Ибраев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ның Мәдениет сарайы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Жанболат Досболов қазылар алқасының құрамында болып, ақтық сайысқа түскен топтарға әділ бағасын берді.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын Төлеби құрамасына (Төлеби ауданы) берілсе, ІІ орын Мақтаарал ауданының Еркінабад командасына бұйырды. ІІІ орынға Қазығұрт аудандық «Аи-92» және Төлеби ауданының «Ақбастау сити» топтары ие болды. Үздік ойыншы номинациясын Бексұлтан Салыбеков пен Нұрмат Махат қанжығасына байлады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.