Четверг, 28 Ноябрь 2019 17:52

Түркістанның руxани керуені – Қазығұртта

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жолға шыққан "Түркістанның руxани керуені" Қазығұрт ауданына аялдады. Бұл жолы бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов пен Сайрам ауданының бас имамы Темірбек Сейдахмет қазығұрттықтармен кездесті. 

Алдымен Өнер мектебіне жиналған қауыммен дін хақында әңгіме өрбіді.  Жастарды қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша атқарылып жатқан шаруалар баяндалды. Соңғы кезде теріс ағымдардың жетегінде жүрген жастардың мәселесі қозғалды.Ауданның жас спортшыларымен кездескен Біржан Жақыпов ел спортының тынысына тоқталды. Аталған шараның жастар мен аудан тұрғындары үшін маңыздылығына атап өтті. Спортшылардың сұрақтарына жауап беріп, бокстың қыр-сырын жастарға үйретті.Бұл кездесу жанды әңгімемен жалғасты. Аудан тұрғындары көкейдегі сұрақтарына жауап алып, жадырап қалды. Ал өскелең ұрпақ әңгімені ұйып тыңдап, рухани қуат алды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 881 times