Воскресенье, 19 Август 2018 05:49

Түркістан облысы: Созақ ауданында жастар күні атап өтілді

16 тамыз Созақ ауданы Жастары күні. Бұл күн 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып өтеді.  Биылғы жылы атаулы күн, Шолаққорғанның ауылындағы Тәуелсіздік саябағында кең көлемді тойланды. Мерекелік кеште аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, өңір жастарымен қонақтарды құттықтады.

«Өздеріңіз белгілі, жастар – қашанда өзгерістерге тез бейімделетін, заманауи білімді жылдам меңгеретін қоғамның ең белсенді тобы. Бүгінде Созақ ауданы халқының төрттен бірін құрап отырған 14-29 жастағы 14820 жас бар. Аудан жастарының басын біріктірген аудандық «Жастар ресурастық орталығы» КММ 2011 жылдың 1 шілдесінен құрылып, жастармен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасап келеді. Ауданнан шыққан талантты жастар аудан намасын, облыс, республика түрлі байқауларда абыроймен қорғап жүр» - деді, Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов. Сахына төрінде, өз саласында үздік шығып, абыройға бөленіп жүрген, белсенді жастарды алғыс хаттармен марапаттады.

Созақ ауданының жастар күніне, қазақ эстрадасының жұлдызы Альбина Шардарова өнер көрсетіп, мерекеге тарту жасады. Сондай-ақ, аудан жастарының мерекелік кешінде мәдениет үйінің қызметкерлері, өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласып, жастардың би кешіне жалғасты.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1360 times