Шымкент қаласының әкімі діни конфессия өкілдерімен кездесті

«Қазақстанды шетелде татулықтың эталоны ретінде таниды». Шымкенттегі діни конфессия басшыларымен кездесуде қала әкімі осылай деді. Басқосу ашық форматта өтті. Өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Жиын соңында дін басыларына алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Шымкентте Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті

«Чехия мемлекеті Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Екі ел арасындағы достық байланысы бекем». Шымкентте өткен қос ел кәсіпкерлерінің бизнес форумын ашқан қала әкімі осылай деді. Шара өзара сауда-экономикалық байланысты нығайтып, тауар айналымын арттыруға негіз болмақ. Оған қоса Президент Жолдауында айтылған шетелден тікелей инвестиция тарту міндетін жүзеге асырады.

Шымкентте штаттан тыс бас маман дәрігерлердің басым бөлігі №2 ауруханада жұмыс істейді

Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі Шымкент қалалық №2 ауруханасында жұмыс жасайды. Атап айтқанда қаланың бас нейрохирургі Сәрсен Маханбетұлы, бас аллерголог Сауғабаева Сарсенкүл Қалмахановна, бас пульмонолог Байташов Оразгелді Такешұлы, бас ревмотолог Тен Светлана Владимировна.

Шымкентте «Ел тірегі» акциясы аясында ашық есік күні өткізілді

Шымкенттік 400 оқушы әскери тіршіліктің тынысымен танысты. Мұндай мүмкіндікті 35748 әскери бөлімі ұсынды. Оқушылар әскери киімдерден бастап, қару-жарақтың түрімен танысып қана қоймай, казармаларды да аралап шықты. Әскери өмірдің ішкі жұмыстарын көрсеткен ашық есік оқушыларға ұнады.

Шымкентте «Адал жас ұрпақ» патриоттық әндер байқауы өтті

Қазақстан Ресбуликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Саз колледжі бірлесе «Адал – жас ұрпақ» атты патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

Шымкенттегі «Аутрич» бөлімі 3500 отбасыға көмек көрсеткен

Шымкенттегі барлық аудандарда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Ж. Қалтаев айтып, 2019 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Шымкентте 3 мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырған

Шымкентте «Отбасы жарасымдылығы »жобасы негізінде үш мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырды. Олар аспаз, тігінші шаштараз және тағы басқа мамандық иесі атанған. Тіпті кейбірі өз бизнесін ашып үлгерген. Бұл туралы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының есебінде айтылды.