Суббота, 22 Сентябрь 2018 12:22

Түркістан облысындағы тау шыңына «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның 20 шыңына экспедиция ұйымдастырды. Альпинистер бағындыратын (3446м) Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шы шың Елорданың 20 жылдығына орай - «Астананың 20-жылдығы» атауын алды.

Аталмыш экспедицияны ұйымдастыру барысында туристік, экстремалдық спорт түрлерін дамытуға, экотуризм және трекинг бағдарларын ұйымдастыру үшін әлеуеті жоғары 3 өңір таңдалып алынған (Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары). Экспедиция аясында осы бағдарлардың барлығы тыңғылықты зерттелді. Ол үшін кәсіпқой альпинистер шақырылған. Жалпы алғанда шараға 100-ден астам адам, оның ішінде кәсіби альпинистер және тәжірибелі саяхатшылар, танымал интернет - блогерлер қатысты. Экспедиция нәтижесі бойынша олар осы маршруттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын әзірлейді.

«Экспедиция Қазақстанның 5 негізгі таулы аймақтарын – Орталық Тянь-Шань, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай мен Өгем жотасын қамтыды. Олардың нәтижесі бойынша жаңа туристік және альпинистік бағдарлар ашылады, ал жинақталған фото- және видеобанк жарнамалауға, жергілікті халықты ішкі туроизм мен альпинизмге шақыруға қолданылатын болады», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Соңғы 20-шы шыңды бағындыруға жаппай альпиниаданың басталуына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісі депутаттары Павел Казанцев пен Серік Сәпиев, сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков қатысты. «Біз Қазақстанды тау державасына қайта айналдыру жолындамыз. Бұл үшін тау туризмнің барлық түрлерін дамытуға келетін еліміздің шығысына да, оңтүстігінде де керемет таулар бар», - деді Павел Казанцев. Өз кезегінде, Серік Сәпиев өткізіліп жатқан экспедицияның ішкі туризімді дамытуға, жасөспірімдерді патриоттық және спорттық тұрғыда тәрбиелеуде маңызы зор екендігін айтты.

Келешекте экспедиция барысында жиналған материалдар туристік бағдарламалар мен тиісті халықаралық гайбуктерге енгізілетін болады. Естеріңізге салайық, экспедиция Тань-Шань тауларының солтүстігінен Нұрсұлтан шыңынан басталды. Оның биіктігі - 4330,9 м. Экспедиция барысында қамтылған таулар 3200 м төмен емес, оның ең биігі - Алтай тауларында орналасқан Мұзтау шыңы - 4506 м. Батыс Тянь-Шаньдағы жаңа «Астананың 20-жылдыға» атауын алатын шың экспедиция қамтыған соңғы тау шыңы болады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Read 1343 times