Среда, 31 Октябрь 2018 05:50

Түркістан облысы: Талғат Рахметтің жүлдесіне арналған баскетболдан облыстық біріншілік басталды

Отырар ауданында белгілі бапкер, ұлағатты ұстаз Рахмет Талғат Ақтайұлының жүлдесі үшін баскетболдан дәстүрлі облыстық ашық біріншілік басталдыҚасиетті Отырар өлкесінде жастар және жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты дамытуда аудандық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ролі орасан зор. Оның ішінде бүгінгі облыстық сайыс өткізіліп отырған спорттың баскетбол түрі ауданда қарқынды дамып келе жатқанын айта кету керек.

Талғат Рахмет бастаған бапкерлердің шәкірттері көптеген облыстық, қала берді республикалық жарыстарда жоғары сатылардан көрінуі осының айғағы десек артық болмас. Дәстүрлі турнирдің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді. Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбав биылғы Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Елбасымыз Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды, сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажеттігін тапсырғаны белгілі. Бұл өз кезегінде ел спортының дамуына ерекше серпін беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлт денсаулығын жақсартуға, өскелең ұрпақты шыңдауға тікелей әсер етеді», - деп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. 5 күнге жоспарланған спорттық шара жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сый-сияпатттар табысталса, үздік ойынымен көзге түскен спортшылар облыс құрамына шақырту алады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1064 times