Пятница, 21 Июнь 2019 11:42

Түркістан: Жетісайда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Елімізде 2014-жылы бастау алған 23-маусым мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесі күнін Жетісайлықтар жылдағы дәстүр бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадамен бастады.

Аудан әкімдігінің назарынан тыс қалмайтын салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау мәселелері бүгінде мемлекеттік қызметкерлер арасында да жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Алға, жемқорлықсыз Қазақстан» ұранымен Жетісай қаласындағы «Қ.Мұңайтпасов» атындағы орталық стадионда өткізіліп отырған спорттық сайыс осының бір дәлелі.

Ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округтерден құрылған 28 командада 250-ге тарта мемлекеттік қызметкер қатысқан сайысқа келген әрбір қатысушының дайындықтары ойдағыдай екендігі жарыс бастала салысымен белгілі болды. Бұл сайыс өз кезегінде жас мамандардың еңбекке деген талпыныстарын арттыру үшін әртүрлі деңгейдегі спорт сайыстарына қатысып, қимыл-қозғалыстың өмірге деген құлшыныстарын арттыратынын айқындады. Сайыс соңында өздерінің ептіліктерін танытып, қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан командалар және жекелеген ойыншылар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 834 times