Вторник, 18 Июнь 2019 13:24

Түркістан облысы: «Түркістаным – Тұраным» атты бұқаралық марафон ұйымдастырылды

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркістаным – Тұраным» атты бұқаралық марафон өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстың барлық аймағынан 1000-нан аса тұрғын қатысып, жеңімпаздарды анықтады. 

Алдымен марафонға қатысушыларды облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев құттықтап, мықтылардың жеңіске жетуін тіледі. Марафон Парасат саябағынан басталып, Қазыбек би көшесі арқылы Есімхан алаңында аяқталды. Жалпы 5 шақырым қашықтықты құрайтын марафонға 5 жастан 75 жасқа дейінгі тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.

Тартысқа толы бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кентаулық Ардачер Захитдинов кесті. Ол қарсыластарын ат шаптырым жер артқа тастап мықтылығын дәлелдеді. Алекінші орынды Ақтілек Құралбай иеленсе, үшінші орынды Бақдаулет Абдужамал еншіледі.

Одан бөлек марафонға қатысқан ең жас 5 спортшымен жасы 70-тен асқан 5 марафоншыға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 734 times