Воскресенье, 23 Июнь 2019 10:50

Түркістан: Мемлекеттік қызметшілер ашық біріншілікте өзара бақ сынасты

Отырар ауданында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні мен мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 21 жыл толуына орай арқан тарту және кіші футболдан мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында аудандық ашық біріншілік өтті.

Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты көпшілікке жан-жақты насихаттау мақсатында өткен жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов: «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік бағдарламалары мен дәстүрлі Жолдауларында көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда өткізіліп отырған бүгінгі спорттық шаралар ҚР Мемлекеттік қызмет органдарының 21 жылдығын ұлықтауға бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті - халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - жауапты міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді» - деп, ізгі тілегін білдіріп, бос уақытты тиімді пайдаланып, кемел келешекке деген берік сеніммен бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды. 

Жарысқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен жасақталған 10 команда қатысып,спорттық бәсекелестік танытты. Жүйріктен оза шапқан жүйрік жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен естелік медальдары табысталды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 808 times