Воскресенье, 23 Июнь 2019 11:23

Түркістан: Келес ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

23 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлері және полиция күніне орай Түркістан облысы Келес ауданында спартакиада өтті.

Аталмыш спартакиадаға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілірді мерекемен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, жарысқа қатысатын мемлкеттік қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметкерлер ант қабылдады. Аудандық орталық алаңда болған спорттық шара тоғыз құмалақ, арқан тарту, 100 метр қашықтыққа жүгіру және футбол ойындары бойынша жеңімпаздар анықталды. Спорттық сайыс қорытындысы негізінде жақсы ойын көрсеткен команда мүшелері де марапатталғанын айта кетейік. Ал, аудан әкімдігінің ветеринария құрамасы, Экономика және қаржы құрамасы, аудандық аурухана және полиция бөлімінің қызметкерлерінің командасы жүлделі орындарды өзара бөлісіп, аудан әкімінің алғыс хатымен және арнайы кубоктар табысталды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 877 times