Среда, 03 Июль 2019 15:07

Түркістан облысы: Кентау қаласының әкімі спорт нысандарын аралады

Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов қаладағы жазғы жүзу бассейіні мен футбол ойынына арналған «Динамо» алаңында болды. Кентау қалалық "Ойын және су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" жаз мезгілі басталғалы жұмыс істеп келеді. 

Нысанда құрғақ жүзу спорт залы «Ангар» 100% жұмыс атқаруда, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жұмыс істейді. Нысан бойынша барлық құрылғыларды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде бассейн стандартқа сәйкес қатқыл тазарту сүзгісі, жарықтандыратын сүзгі,сорғы агрегат, ілмекті-реттеуші арматура, құбыр желісі, суды реттеуші қызметіне ие, испаниялық сапалы «Astrlpool Vesubio» сүзгілері орнатылған. Нысанның әкімшілік ғимаратында 44 дана душ бөлмелері бар және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін автономды қазандық іске қосылған. Сонымен қатар нысан матчталы прожекторлар және бейне-бақылау камераларымен жабдықталған. Жоба бойынша нысанның электр желісінде қиындықтар туындамас үшін бөлек трансформатор іске қосылған және нысан айналдыра темірден дәнекерленген дуалмен қоршалған.

Ал «Динамо» стадионына біршама құрылыс жұмыстары қажет екенін анықтап, ол бойынша жоспар жасалынатынын айтты. Кезінде бұл алаңда көптеген чемпионаттар ұйымдастырылып, түрлі жарыстар өткізілген. Қаламен бірге жасасып келе жатқан футбол алаңының тарихи зор екенін атап өткен қала әкімі Дәурен Сәбитұлы қаладағы бірқатар спорт нысандарын жөндеу жұмыстары бойынша жоспарға енгізетінін атап өтті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 977 times