Биылғы жаңа оқу жылына спорттың 10 түрі бойынша 75 баланы қабылдау жоспарланған. Бокс спорт түрінен басталған сынаққа 60-қа жуық өрен қатысты. Әр спорттың өзіндік әдістерін жасау арқылы жаттықтырушылар мен спорт мамандарының сынағынан өтетін болады. Мұнда балалар ең алдымен жүгіру, секіру, белтемірге тартылу сынды жаттығуларды жасайды және осы спорт түрлері бойынша өзінің шымырлығын көрсетеді. Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының директорының орынбасары Бауыржан Бөріқұлов жыл бойына селекциялық жұмыстарды атқару арқылы жасөспірімдерді шақырып, әрі қарай кәсіби тұрғыда дайындайтынын жеткізді.
Сынақ емдихандарын өткізу тамыздың 12-не басталып, 20 тамызда аяқталмақ. Бүгін грек-рим күресінің шеберлері сынақ тапсыруда. Бұл спорт түрі бойынша 13 орынға 50-ге жуық спортшылар келіп, бақтарын сынауда.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.