Среда, 16 Октябрь 2019 10:18

Шымкентте каратэден республикалық чемпионат басталды

Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетика» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер мен кадеттер арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Аталған спорттық шараға Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов, ҚР Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті О.Өксікбаев, ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Сапиев сынды бірқатар еліміздің спорт жанашырлары қатысты. Өз кезегінде, ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі әр өңірдің намысын арқалап келгендерге сәттілік тілеп, республикалық чемпионатты салтанатты түрде ашып берді.

Екі күнге жалғасатын жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің әр өңірінен келген 500-ден астам спортшы қатысып, дүбірлі додада 12 жастан жоғары ұлдар мен қыздар бақ сынайды. Сондай-ақ, жарыстың нәтижесі бойынша киокушинкай-кан каратэден Қазақстан құрама командасы жасақталатын болады. Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстан каратэшілері мен бапкерлері үшін ең маңызды шаралардың бірі болып саналады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 642 times