Среда, 16 Октябрь 2019 17:28

Шымкент қаласында садақ атудан халықаралық турнир басталды

Шымкент қаласында садақ атудан Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаевты еске алуға арналған дәстүрлі қырық төртінші халықаралық турнир басталды. Жарысқа қазақстандық мергендермен бірге Өзбекстан, Тәжікстан және Грузия мемлекеттерінен барлығы 200-ге жуық спортшы келген.

Бір айта кетерлігі, аталмыш еске алу турниріне келесі жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын Қазақстан құрама командасының мергендері де қатысып жатыр. Бұл жарыс олар үшін жаттығуларын шыңдап, тәжірибелерін арттыру үшін кезекті бір сынақ іспетті деуге болады. Санжар Мұсаев бұл дүбірлі дода өздерінің дайындықтарын пысықтап алуға үлкен мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Санжар Мұсаев - Садақ атудан қазақстан құрама командасының спортшысы: «Бізде қазір Ұлттық құрамада үш лицензия бар. Олар еркектер командасында. Қазіргі жарыста барлық қарсыластарымыз жақсы дайындықпен келген. Жарыс қиын болайын деп отыр. Дегенмен еліміздің намысын қорғауға барымызды саламыз»

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 619 times