Жалауы желбіреген көкпардан елімізге танымал спортшы, командалық көкпардан Кеңес одағының 9 дүркін жеңімпазы Әбілхан Дауылбаев атындағы жастар арасында республикалық жарыс аса тартысты басталды. Түркістан облысының бірқатар аудандары мен, Жамбыл, Атырау облыстарының ең таңдаулы деген жас көкпаршылары қатысып, шеберліктерін шыңдауда.
Халқымыздың ұлттық спорт түрі - көкпарды әлемдік дейгейде дамытуда жаңашылдықтар көп. Бар саналы ғұмырын көкпар спортына арнап келе жатқан Әбілхан Дауылбаевтың шәкірттері де жетерлік. Облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев бұл жарыстың маңыздылығы туралы айтып берді.
Түркістан облысының намысын қорғап жатқан білекті жігіттерден құралған команда бүгін Сайрам ауданының көкпаршыларымен кездесу өткізді. Нәтижесінде, қарсыластарын12:3 есебімен ойсырата ұтқан жерлестеріміз бас жүлдеден үмітті. Жарыс жеңімпаздары 30 қазан күні анықталады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»