Четверг, 31 Октябрь 2019 11:53

Шымкентте волейболдан жасөспірімдер чемпионаты басталды

Шымкенттегі жоғары спорт шеберлігі мектебінің кешенінде волейболдан 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Тартыспен басталған бәсекеге республиканың барлық өңірінен 400-ге тарта жас спортшы қатысып, өнер көрсетуде. 

Волейбол балалар ойындары арасындағы бірінші спорт түрі екені белгілі. Мектеп қабырғасындағы барлық оқушы меңгере алатын және жас талғамайтын зиялы спорт түрі болып табылады. Бүгінде қоян-қолтық ұрыссыз өтетін ерекше спорт түрімен айналысушы жастардық қатары көп. Мегаполис қалада бес бірдей спорт мектебі волейболды дамытып отыр. Бұл мектептер өздерінің қол жеткізген нәтижелеріне қаншалықты лайық екендігі немесе жас волейболшылардың шеберлігі осындай жарыстарда айқындалады. Жарысқа екі топтан 32 команда, 400 жуық спортшы қатысып жатыр. Чемпионатты ұйымдастыруға атсалысқан –  республикалық волейбол федерациясы мен республикалық спорт комитеті. Бас төреші, ұлттық жоғары дәрежедегі төреші Сани Берденовтің жеребесі негізінде спортшылар төрт бірдей спорт кешенінде топтық ойындарын өткізеді.

Алғашқы іріктеу сайыстарының қорытындысында Алматы қаласының волейболшылары суырылып алға шықты. Шымкент қаласының ізбасарлары кездесулерін сәтті бастады. 3қараша күні финалдық бәсекелер өтетін болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 834 times