Негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби біліктіліктерін үйрету болып табылатын «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы Қазақстан» ұранымен өткен байрақты бәсекеге командаларында ересектермен қатар түрлі салаларда еңбек ететін 29 жасқа дейінгі жастардан жасақталған 7 команда қатысып, бақтарын сынасты.
Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай айналма ойын үлгісінде өткен волейбол сайысының қорытындысымен жүлделі ІІІ орынға Жетісай аудандық полиция бөлімінің құрама командасы табан тіресе, ІІ орын «Сырдария» университетінің ойыншыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орын «Ә.Қуатбеков» атындағы Халықтар Достығы университетінің әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды. Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар сайыс соңында ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдармен марапатталды. Айта кетейік, сайыстың өтуіне Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мұрындық болды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»