Воскресенье, 10 Ноябрь 2019 13:23

Түркістан облысы: шардаралық қол күресшілер 11 медаль иеленіп қайтты

Түркістан өңірі үшін, жалпы, қазақ жұрты үшін қуанышты жаңалық! Румыния елінде өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Түркістан облысы Шардара қаласының спортшылары 11 медаль иеленіп, ел мерейін үстем етіп қайтты, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.

Шығыс Еуропаның ең үлкен елдерінің бірі – Румыния елінің Констанца қаласында қол күресінен өткен 41-ші Әлем чемпионатында осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны 11 медальмен толықты. Құрама сарында өнер көрсетіп, ел мерейін үстем еткен спортшылардың бәрі де шардаралықтар. Алтыннан алқа таққандардың ішінде 6 салмақ бойынша Назира Зиядулла, Жұлдыз Нарзан, Арай Мәлік, Ұлбала Камал, Мақпал Зиядулла және Лаззат Мәлікайдар сынды шардаралық нәзік жандылар әлем чемпионы атанып отыр.

Айта кетсек, бұл Әлем чемпионатына дүние жүзінің 55 елінен атлеттер келген болатын. Қол күрес шеберлері арасында өткен байрақты бәсекеде шардаралық спортшылар ел қоржынына 5 күміс пен 6 қола медаль салды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 969 times