Түркістан облысы командасы мегополис саналатын Алматы қаласынан озса, кәсіби-техникалық білім беруден көш бастап тұрған ШҚО мен Ақмола облыстарына есе жіберіп алды.
Аталған чемпионатқа дайындалу үшін биыл жыл басында техникалық мамандықтарға қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып, студенттер тәжірибе алмасу үшін өзге өңірлерге арнайы барып, тыңғылықты дайындалған болатын. Нәтижесінде флористика, сылау ісі, заттар ғаламторы секілді салада – бірінші орында, автокөлік шанағы және тақта ісі бойынша – 2-орын, дизайн мен графика бойынша 3-орын иеленді. Енді халықаралық турнир мен келесі жылғы чемпионатқа дайындалып, бұдан да үздік нәтиже көрсетсе игі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.