Вторник, 19 Ноябрь 2019 04:04

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында бокстан ашық біріншілік ұйымдастырылды

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы аудандық мәдениет үйінің бокс залында 2019 жылдың қараша айының 14-18 күндері аралығында Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жыл толуына орай бокстан 2004-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында Ордабасы ауданының ашық біріншілігі болып өтті. 

4 күнге созылып, тартысты өткен жарысқа Түркістан облысының аудандары мен қалаларынан 120-ға жуық былғары қолғап шеберлері қатысты. Тартысты өткен кездесулер бұл ақтық кезеңдер болды. Ордабасы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен жарыста жеңімпаздар мен жүлдегер ойыншыларға медаль мен громота тапсырылды. Және үздік өнер көрсеткен ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Міне, осындай жарыстар жасөспірімдерді жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, спортқа ден қойып, елдің намысын бәрінен биік қоюға тәрбиелейтіні сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 791 times