«Мен бала күнімнен атам Мамыттың қамшысын алып, бәйгеде шабатын тұлпарына мініп өстім. Сәйгүлікке деген қызығушылығым аса жоғары еді. Пәлен жерде түген деген көкпар болып жатыр дегенді есітсем болды, дорбамды жинап, атымды баптап үйден шығып кететінмін. Сен әлі баласың, аттың астында қалып кетесің деген үлкен ағаларымның сөзін, ақылын құлағыма аспайтынмында. Ол мен үшін қорқынышты болмайтын. Бар ойым сол көкпарға барып, аламан доданы көзіммен көру. Көкпаршы, шабандоз болу менің бала күнгі арманым еді. Әсті, осындай жетістікке жетіп, шабандоз болып, елімнің мақтанышы болғаным - атамның берген батасының арқасы болса керек. Ол кісі де шабандоз болатын. Қаннан келген қасиетте бар шығар. Әкем Әмір де көкпар десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар қатарынан. Менің көкпар спортына деген махабатымды сезген әкем спорт мектебіне оқуға түсіріп, бағымды ашты. Бәйгеде оза шабуым үшін батасын беріп, жігерлендіретін. Сәйгүлігім Ақмола Қасқамен талай додаларда оза шауып, отбасыма үлкен қуанышпен оралған кездерім жетерлік. Бұл- мен үшін атамның, әкем мен анамның алдындағы арманымның орындалғанының көрінісі деп ойлаймын. Жетер жетістігім мен алар асуым әлі алда болса, мен бағындырар белес көп деп білемін. Кезекті жеңісімді елім мен жеріме арнаймын», – дейді І Азия ойындарының чемпионы, ҚР құрамасының мүшесі Мамыт Әділет.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»