Понедельник, 18 Ноябрь 2019 13:43

Конкурдан Әлем кубогының этапында түркістандық спортшылар жүлде алды

Алматы қаласында конкурдан Әлем кубогының этапы аяқталды. Дүбірлі додада Түркістан облысының Ұлттық спорт мектебінің спортшысы Шыңғыс Маликаждар Қазақстан құрама командасының сапында ел намысын қорғады. 

Шыңғыс жарыста «Гарахан» сәйгүлігімен жекелей сында 120 сантимер биіктіктегі бағаналардан еш қиындықсыз секіріп өтіп, Әлем кубогы этапын  2-орынмен аяқтады. Ал құрама команда 3-орыннан көрінді.

Әлем кубогынан жүлдемен оралған Шыңғыс Маликаждарды Түркістан облысының ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев қабылдап, спортшыны марапаттап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғысын айтты. Шыңғыс Маликаждар Әлем кубогының этапына қатысып, үлкен тәжірибиеге ие болғанын тілге тиек етті. Енді ол келесі жылы Өзбекстанда өтетін Гран Приде бақ сынайды. Осындай түрлі халықаралық турнирлердегі жеңістер облыста конкур спортының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Демек, аталмыш спорт түрінің келешегі кемел.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 684 times