Понедельник, 18 Ноябрь 2019 17:22

Түркістан облысының спортшылары «Make it possible» республикалық спартакиадасына қатыспақ

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Makeitpossible» республикалық спартакиадасы өтеді. Байрақты бәсекеге Түркістан қаласынан 22 жеткіншек қатысады. 

Нұр-Сұлтан қаласында қарашаның 21- мен 24 аралығында   өтетін сайыс спорттың 7 түрі қамтиды. Атап айтқанда, жастар қол күресі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, асық ату, жүзу, шахматтан сынға түседі. Бұл жарыста мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жарыс жолына шығып өзара мықтыны анықтайды. Төлеби ауданы Бірінші Мамыр елдімекеніндегі №2 балалар үйінен 22 тәрбиеленушісі облыс намысын қорғайды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев балалар үйіне арнайы барып, жастарға спорттық киімдер беріп, балаларды қуантып қайтты. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттің қарамағындағы бұл балаларды спортқа тарту арқылы олардың дендерінің сау болып қалыптасуына, достық пен бірлікті насихаттау мақсатында өткізіледі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 637 times