Дәстүрлі сайыста жасыл алаңға шыққан Түркістан облысының командасы бас жүлдені иеленсе, күміс жүлдені Шардара ауданының құрамасы жеңіп алды. Ал қола жүлдені Созақ ауданына келген команда қанағат етті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев құттықтап, арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен кубок, медальдар табыстады. Енді Тәуелсіздік күніне орай, спартакиаданың командалық жеңімпаздары анықталып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, үздік деп танылғанспорт аймағы жоғары деңгейде марапатталатын болады.
Жалпы, мұндай спорттық бәсекелер облыс аумағындағы спортшылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, ынтымақтастық ахуал орнатуда үлкен рөл атқаратыны анық.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.