Жақында ғана жалауы көтерілген гір көтеру спортынан Индия елінің астанасы – Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатынан сүйінші хабар келді. Қазақ елінің намысын қорғамаққа аттанған төрт бірдей спортшымыз қарсыласатарынан басым түсіп, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранын шырқатты.
Азия құрлығынан жиналған кіл мықты гір тасын көтеру шеберлері арасында жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ, 68 келі салмақта Амандық Асылбек, 73 келі салмақта Бисенбай Ерсұлтан, қыздар арасында 58 келі салмақта Серікбай Аяулым, 63 келі салмақта Серікбай Әсем сынды шардаралық жас спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. Гір тасының хас шебері, жеңімпаз жерлестерімізді жеңісімен құттықтай отыра, алдағы бұданда үлкен байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінулерін тілектестігімізді білдіреміз.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»