Пятница, 06 Декабрь 2019 17:50

Түркістанда әйелдер арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті

Тәуелсіздік күніне орай Түркістандағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде әйелдер арасында баскетболдан Азия және Қазақстан командалары арасында халықаралық жарыс өтті. Қырғызстан мен еліміздің барлық аймақтарынан келген баскетболшылар шаршы алаңда бақтарын сынады.

Әйелдер  арасында  өткен  халықаралық турнирге Қырғызстанның «Эделвейс»  командасы  мен еліміздің ең  үздік  деген  командалары  қатысып, шеберліктерін  шыңдады. Жоғары  деңгейде  ұйымдастырылған бұл додада  ерекше ойын  көрсеткен  Ақтаудың  талантты  қыздарынан  құрылған  «Каспий»  командасы  бас  жүлдені  иеленсе, Түркістан  облысының «Тұран» спорт  ойын түрлері клубының баскетболшылары екінші орынды жеңіп  алды.Ал, Шымкент  қаласының «Қазығұрт»  баскетбол командасы  үшінші  орыннан  көрінді.

Айта  кетерлігі,  құрылғанына көп  уақыт  өтпесе  де «Тұран» спорт  ойын түрлері клубының  қырандары бірқатар  жетістіктерді  бағындыруда. Түркістан  облысының әкімі  Өмірзақ  Шөкеевтің  бастамасымен іргетасы  қалаған  бұл клубта  гандбол, баскетбол  және  волейбол  спорты кәсіби  деңгейде  дамытылуда. Түркістан  облысының  намысын  еліміздің  жоғары  лигасында  қорғап  келе  жатқан спорт клубының  директоры  Сабыржан Бұлдырықовшәкірттерінің  алар  асуы  биік  екендігіне  сенім  білдірді.  

Жарыстың  жеңімпаздары  мен үздік спортшы  қыздарды Түркістан  облысының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшысы Полат  Қырықбаев  арнайы  Алғыс  хаттармен марапаттады. Бүгінде облысымыздың кәсіби  спортшы  ұл-қыздарынан құралған «Тұран» спорт ойын түрлері клубының  волейбол  және  баскетбол  командаларының  шәкірттері Ел  чемпионаттарында көш бастап, жоғары  лигада  жетістіктермен өнер  көрсетуде.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 1492 times