Шағын футболдан басталған дүбірлі дода ең алдымен жарыстың салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Сайыстың ашылу рәсіміне арнайы келген Түркістан облысының прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев қатысып, жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, мықтылардың жеңіс тұғырынан көрінулерін тіледі. Аса тартысты өтіп жатқан бәсекеге облыстағы құқық қорғау және арнайы органдардың командаларынан құралған 8 команда, 80-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтауда. Жасыл алаңға алғаш болып, бас жүледен үмітті Түркістан облыстық полиция департаменті мен Түркістан облыстық әділет департаменті шықты. Тартысты кездесуде полиция департанментінің командасы қарсыластарын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Құқық қорғау саласының қызметкерлері арасындағы жарыстың жеңімпаздары арнайы тағайындалған сыйлықтармен марапатталатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.