Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық №4 ОРМБЖСМ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нұралы Сапаров барша жарысқа қатысушы командалар мен спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады. Ал самбо күресінен Төлеби ауданының аға жаттықтырушысы, самбо күресінен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы Мәди Нәбиев жарыстың өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етіп, ұйымдастырушы алқаға ерекше алғысын білдірді. Сондай-ақ Нұралы Сазанбекұлы самбо күресінің дамуына үлес қосып, Қазақ елінің абыройын әлемдік дәрежеде қорғап, ел мерейін асырып жүрген самбодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы Мәди Нәбиевті Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлығымен марапаттады.
Сайыс қорытындысы бойынша өңірдің кіл мықты балуандары жүлделі орындарды өз ара бөлісті. Командалық есепте Төлеби ауданы І орынға табан тіресе, Шардара ауданы ІІ орынды қанағат тұтты. Ал үздік үштікті Кентау қаласы толықтырды. Барша жүлдегерлерге бағалы сыйлықтармен қатар медаль, кубоктар табысталды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.