10 салмақ дәрежесі бойынша өтетін облыстық турнирге қатысу үшін 200-ден астам жас балуан жиналды. Соңғы жылдары облысымызда грек-рим күресіне қызығушылар саны артып келеді. Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Дәулет Тұрлыхановтай болғысы келетін жас балуандар боз кілемде барын салып бағуда. Мақсаттары биік. Сол үшін намысты қолдан бермеуге бекінген.
Грек-рим күресін дамыту үшін балалар мен жасөспірімдер арасында осындай турнирлерді жиі ұйымдастырған жөн. Себебі тәжірибе осындай бәсеке арқасында жиналады. Сайысты ұйымдастырушылар осы мақсатты көздеп отыр. «Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады. Бұл сайысты дәстүрге айналдыруға ниет бар. Тіпті республикалық деңгейге шығару басты меже» - дейді Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі грек-рим күресінің жаттықтырушысы Асхат Орынбасар.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»