Сондай-ақ Әзірбайжанның Баку қаласында грепплингтен әлем чемпионаты өтті. Спорттың жеті түрін біріктірген сайыста ел намысын қорғаған Қуандық Ерғараев әлем чемпионы атанды. Білекті де жүректі балуандардың бәсекесіне 20-дан астам мемлекеттің оғландары қатысты. Қазақстан Республикасының құрамасы сапында 75 келі салмақта күш сынасқан жерлесіміз Санжар Құдайберген тартысты өткен жарыста күміс алқаны мойнына ілді. Ол ақтық сында үндістандық балуанмен белдесіп, айласын асыра алмай, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Жүлдегер спортшы – Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінің шәкірті. Білім ордасының ұжымы Санжар Құдайбергенге құрмет көрсетті. Мектеп-интернат-колледжінің директоры Талғат Пошымов жүлдегер спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта биіктерден көрінуін тіледі.
Ал Әзірбайжанның Баку қаласында грепплингтен әлем чемпионатты өтті. Онда жерлесіміз Қуандық Ерғараев 66 келі салмақта өнер көрсетіп, тұғыр биігінен көрінді. Қуандық – аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы. Спортшыларды тәрбиелеп қана қоймай, өзі де боз кілем төріне шығып,талай жарыстардың жеңімпазы атанып жүр. Сондай-ақәлем чемпионатында күрескен Мыңжасар Алпамыс 84 келі салмақта қола жүлдеге ие болды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.