Вторник, 26 Ноябрь 2019 11:19

Түркістанда жарыс жеңімпаздары марапатталды

Түркістанда баскетболдан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен халықаралық бәсекеде топ жарған мектеп оқушылары марапатталды. Байрақты бәсекеде көне шаһардағы №8 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушы қыздары топ жарған болатын. 

Бірнеше елдің жастары қатысқан жарыста жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды мектеп ұжымы мен қалалық ішкі саясат бөлімі арнайы марапаттады.  Бүгінде бір білім ошағының ғана емес, қаланың, қала берді, облыстың намысын қорғап жүрген бұл оқушылардың жеткен жетістігі де аза емес. Осыдан үш жыл бұрын мектеп ішінен құралған команда қала біріншілігінен бастап облыстық және республикалық сайыстарда топ жарды. Енді, міне, халықаралық чемпионаттың тұғырына көтеріліп отыр. 2018 жылы облыстағы үздік мектеп атанған білім ошағында оқушылардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, мектепте бірнеше спорт үйірмесі жұмыс істейді.  

«Біз бірінші жарысымызды облыстық чемпионаттан бастадық. Ол жарыстан екінші орын алдық. Шардара қаласында өтті. Содан кейін қалалық, республикалық жарыстарға қатыстық. Бірінші орын алдық. Оның барлығы бапкеріміздің арқасы деп ойлаймын» - дейді оқушылар. Ал №8 Н.ТөреқұловатындағыЖОМдиректорыМаринаТәукебаева: «Бұл оқушылар тек мектебіміздің ғана емес, облысымыздың мақтанышы десек болады. Біздің мақсатымыз осы оқушыларды насихаттап, барлық оқушыларды спортқа баулу. Біздің мектепте тоғызқұмалақ, теннис, баскетбол үйірмелері жақсы жұмыс істейді» - дейді.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 837 times