«Шараның мақсаты – болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына қалыптастыру» - дейді турнир ұйымдастырушылары. Жарысқа Бәйдібек ауданының ауыл округтерінен келген волейболшылар жарысты тартысты өткізді. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын тұғырынан «Жамбыл» командасы көрінді. Екінші орын «Көктерек» командасының еншісінде қалды. Алүздікүштікті «Ақбастау» командасы қорытындылады. Жеңімпаздарға турнирге демеушілік жасаған «Домалақ ана» кесенесінің шырақшысы Сәттікүл Дәулетова «Алғыс хат» және жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақы табыстады.
Бокстан жастар арасында бастау алған Түркістан облысының чемпионатына келсек, дүбірлі додаға 70-ке жуық спортшы қатысуда. 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирге 10 команда келді. 70-ке жуық спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара кім мықтыны анықтайды. Жарыс жеңімпаздары 30 қараша күні белгілі болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.