Суббота, 25 Август 2018 14:10

Есту қабілеті нашар спортшылар Түркістан облысының мерейін асырды

Облыс спортшылары ерледі. Ақтөбеде Есту қабілеті төмен спортшылар арасында республикалық ІІ спартакиада болып өтті. Мұнда командалық есепте үздік үштіктен көрінген спортшыларымыз өңір мерейін үстем етті. 

Спорттың 10 түрі бойынша сынға түскен үздіктерді спорт жанашырлары салтанатты түрде күтіп алды. Салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару мақсатында ұйымдастырылған бәсі биік бәсеке төрт жылда бір өткізіліп тұрады. Бұл спорттық шара мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спорттық әлеуетін асыруға септеседі. Осылайша облыс спортшылары Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаттарымен, медальдарымен және арнайы кубоктарымен марапатталды. 12 алтын, 13 күміс, 16 қола жүлдені қанжығалап, командалық есепте үздік үштіктен орын алды. Ал бірінші орынға Алматы қаласы жайғасса, екінші орынды Ақтөбе облысы иеленді.  Елімізде соңғы жылдары сурдлимпиадалық қозғалыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтқан спорт жанашырлары болашаққа үлкен сеніммен қарайды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1334 times