Пятница, 21 Сентябрь 2018 05:24

Түркістан облысы: Келес ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті

20 - қыркүйек ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы - Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуге Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және бюджеттік ұйым басшылары қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын және кәсібилігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері баяндалды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін оқу жүйесінің, факторлық-балдық шкалаға негізделген жалақы жүйесінің енгізілуі, бос лауазымдарды ішкі конкурстар арқылы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілермен толтырылатыны жөнінде сөз болды. 

Жиын соңында Департамент басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта күшейе түсетіндігін және білім ошақтарында негізсіз ақша жинау, заңсыз сыйлықтар алу деректерін болдырмау, оның алдын-алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары нақты шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Кездесу соңында, Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметкерлерді жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1001 times