Пятница, 14 Июнь 2019 13:44

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында еңбек шарттары жан-жақты түсіндірілді

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жұмыскерлер жалақысының уақытысында төленбеуі, еңбек саласындағы құқық бұзушылықтар және т.б. мәселелер бойынша арнайы жиын өтті. 

Басқосуға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Түркістан облысы бойынша Еңбек инспекция жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Қайрат Төлебаев, ауылдық-поселке округтерінің әкімдері, жеке кәсіпкерлер және аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жиын барысында жиналғандарға ең төменгі жалақы көлемін көтеру және жұмыскерлер жалақысының уақытысында төленбеуі және еңбек саласындағы бұзушылықтар туралы, еңбек шарттарын электронды тіркеу, еңбек шартын түзу, қауіпсіз еңбек, ұжымдық шарттарды түзу барысы туралы кең көлемде ақпараттар берілді. Сондай-ақ жергілікті жеке кәсіпкерлердің жалақы табысының деңгейін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы көлемі 42500 теңге болып белгіленген болатын.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев жиынға қатысушыларға еңбек шарттарын қатаң сақтауға шақырып, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 990 times