Четверг, 08 Август 2019 10:36

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Ордабасы ауданы төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері су ережелерін сақтамай суға түсетін балаларға қатаң ескертулер жасады. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы ТЖБ-нің қызыметкерлері және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шарасы жүргізілді.

Жазғы шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуының алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Қалқаман ауданымыздағы адамдар көп шоғырланатын су айдындарын барып, шомылуға келген азаматтарға және жас балаларға ескерту жасап, шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түсу әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып, жаднамалар таратты. Жыл сайын суға шомылу маусымында алғаш болып қауіпсіздік ережелерін сақтамай суға түсетіндер балалар болғандықтан, балаларға қатаң ескертулер жасалды.

Сонымен қатар азаматтарға судағы өлімдердің себептері мен салдарын түсіндіріп, олардың ішіндегі басым бөлігі мас күйінде суға түсу, тыйым салынған жерлерде, балаларды қараусыз су жағасында қалдыру екенін жеткізді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы толығымен түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суға шомылу маусымында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 866 times