Кездесуде ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының полиция подполковнигі Нұржан Жақсылықов, полиция подполковнигі Тұрдалы Қаратаев, сонымен қатар НұрОтан партиясы Шымкент қалалық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі Ақбердиев Мұхтар мәліметтермен және өздерінің жеке өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымға өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру принциптері, шынайы және адал еңбектің маңыздылығы және өркендеген қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, адалдық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамдағы өмірлік нормаға айналуы керек. Шынында да, өзіне, ісіне және қоршаған ортаға деген шынайы және адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты факторы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту» Жолдауында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын енгізуді ұсынды. Онда Елбасы тек еңбек арқылы ғана әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын қамтамасыз ете алатынын айтқандығын атап өтті. Іс-шара барысында ұжым қызметкерлері тақырып аясында пікір алмасып, ойларын бөлісіп белсенділік танытты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»