Пятница, 18 Октябрь 2019 12:05

Шымкент: Еңбекші аудандық сотының мамандары Президент жолдауындағы жоспарларды түсіндірді

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге бірқатар тапсырмалар берді. Құнды құжатты насихаттау мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының мамандары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің студенттермен кездесті.

Басқосуда мемлекет басшысының заман талабына сай тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарларына  жеке-жеке тоқталды. Қылмыстық іске қатысты жазалау шаралары, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу жолдары сөз болды. Азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет»,-деді президент.

Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы. Жиында болашақ заңгерлерге мамандар сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін қолға алынған бірқатар маңызды шараларды түсіндірді. Өзара ашық сұхбат құрып, тұщымды жауап алысты. «Өзертілген заңдарға байланысты жастардың пікірін анықтау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бас қосып отырмыз. Соттың ашықтығы. Сот мамандарының орнын тотыру бойынша ашық сұхбат құрдық» - дейді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 587 times