Күдіктінің екеуіде жергілікті тұрғындар болып шықты. Олардан айғақты зат ретінде еш жерде тіркелмеген 1 дана 16 калибрлі бір ұңғылы аңшы мылтығы, 1 дана түнгі мезгілде аң атуға арнайы жасалған жарық күшейткіш құралымен 1 дана заңсыз атылған қоян мен 1 дана қырғауылдың өлі денесі тәркіленіп алынды.
Тыйым салынған құралдарды пайдалану арқылы аң аулауға шыққан күдіктілерге ескерту беріліп, іс ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 5-31 қазан аралығында Түркістан облысы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»