Пятница, 08 Ноябрь 2019 14:12

Түркістан облысының полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеріп жатыр

Түркістан облысының ПД-ның полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеруді жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге: аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері, спорт мекемелері, теміржол вокзалдары, қоғамдық тамақтану объектілері, қонақ үйлер, демалыс аймақтары және тағы да басқалар жатады.

Полицейлер бұл нысандардың бейнебақылау және күзет, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелеріне, бақылау-өткізу және профилактикалық оқу іс-шараларын ұйымдастыруға және т. б. талаптарға қатысты сәйкестігіне тексеру жүргізді. Осындай ауқымды іс-шаралар кезінде ағымдағы жылдың басынан бері Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық және аудандық полиция бөлімдерімен бірлесіп терроризмге осал 1157 нысанды тексерді. Олардың 64-інен терроризм үшін осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуына байланысты бұзушылықтары анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-ның 149-бабы «Терроризм үшін осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және тиісті қауіпсіздік деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау» бойынша әкімшілік хаттамалар түзілді. Содан соң сот терроризмге ұшыраған 40 нысанның иелері мен басқарушыларын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал, әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 17 млн теңгені құрады.

Бүгінгі күні азаматтар мен мемлекеттік объектілерді қорғауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді, заңнама талаптарын нақтылау, терроризмге осал объектілерді қорғау бойынша талаптардың сақталуын ұйымдастыру және бақылау мақсатында облыстық полиция басқармасының қызметкерлері "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп оқу-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-ның 149-бабына сәйкес лаңкестікке қарсы қорғауды қамтамасыз ету және террористік тұрғыдан осал объектінің тиісті қауіпсіздік деңгейін сақтау бойынша міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін иеленушіге және басшыларға 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеді. Сондай-ақ жоғарыда аталған бағыттағы нысандарды тексеру жұмыстары полицейлер тарапынан әлі де жалғасатын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 637 times