Пятница, 08 Ноябрь 2019 19:11

Түркістан: «Қауіпсіз жол» шарасы аясында 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған

Түркістан облысы полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындысында 6,5 мыңға жуық жол-қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтады. Биыл Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД қызметкерлері 6479 құқықбұзушылық анықтады, оның ішінде 281-ін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 41 жайтты анықтады. Полиция қызметкерлері жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 169 жүргізушіні тартқан. Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 33 жайт, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 347 жайт және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 51 дерек анықтады.

Сондай-ақ, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 784 жүргізуші жазаланды және 1012 қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар айқындалды. Оған қоса, 111 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 746 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 259 жүргізушіні әкімшілікке тартты. Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз жабдықтаудың 70 жайтын және техбайқаудан өтпеген 208 деректі, көлік құралын рейс алдындағы тексеру мен медициналық тексеруден өтпеген 13 жайтын, 13 заңсыз жолаушы тасымалдау дерегін анықтады. Одан бөлек, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіп, 3,5 мың ЖҚЕ жазылған ескертпе қағаздары таратылды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 588 times