Жиынға комиссия мүшелері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері және жауапты мамандары қатысты. Күн тәртібіне ауданның білім бөлімінің сыбайлас жемқорлық қаупін тудыратын жағдайларды жою бойынша және кадрларды іріктеу барысында сыбайластыққа жол бермеу мақсатында атқарылған шаралары туралы мәселелер қойылды.
Сондай-ақ, Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ветеринария бөлімдерінің басшылары және Қабланбек, Тегісшіл ауылдық округі әкімдерінің есебі тыңдалып, қорытындысымен жауапты бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округтердің әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»