Вторник, 12 Ноябрь 2019 05:40

Түркістан облысының полицейлері екі күндік акцияны қорытындылады

Түркістан облысының полицейлері екі күнде 2500-ден аса тұрғынды қабылдады. «Жолда қабылдау» акциясы барысында азаматтар құзырлы орган қызметкерлерінен кезексіз ақ кеңес алуға мүмкіндік алған.

Түркістан облысы Полиция департаментінде және оған қарасты барлық қала-аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларында кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясы қорытындыланды. Акция аясында көбіне автокөліктерге салынған айыппұлдарды тексерту болмаса жеңілдету, көлікке газ орнату, көші-қон саласы бойынша, сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми-әлеуметтік желілері арқылы да сұрақтарын қойып нақты жауаптарын ала алды. Айта кетсек, бұл акция ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасымен бастау алды. Негізгі мақсат – тұрғындардың заң аясында сауаттылығын арттыру, полицей мен халықты жақындатып, ашық қарым-қатынас орнату болып табылады.

Екі күнге жоспарланған акцияда Полиция департаментінің басшылығы, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар, Түркістан қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған арнайы мобильді топтар белгіленген жерлерде және сол аймақтағы «Нұр Отан» партиясы филиалдарының ғимараттарында тұрғындарды қабылдады. «Әр айдың 2 күнінде өткізілетін акция барысында жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша құқықтық кеңес алуға болатындығын хабарлаймыз. Полицияға қатысты кез-келген ұсыныс-пікір, сауалыңызды кезек күтпестен айтып, тұщымды жауап аласыз,»-деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 724 times