Аталмыш іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларымен қызмет қағидаларын сақтау бағытында және «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі жұмыс бағыттары бойынша және тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар тренингтер өткізілгенін айта кетейік. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірлесе қалыптастыру керек екендігін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне кездескен жағдайда, 1424 сенім телефонына қоңырау шалу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.
Шара соңында заңбұзушылықтар аясында әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. «Заречное» шетелдік инвестициялармен «Қазақстан-Ресей-Қырғызстан бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы тарапынан «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірігіп жұмыс жасау бойынша ұсыныстар енгізілді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»