Жаңа кабинет облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бастамасымен құрылып отыр. Мұнда кез келген азаматқа түрлі мәселесін дау-дамайсыз шешіп, ақысыз қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар күрмеуі шешілмеген оқиғалар медиатордың көмегімен тату бағытта аяқтауға мүкіндік береді. Жиынға сала мамандары, медиаторлар, облыстық сот өкілдері мен кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты. Жиналғандар жұмыс барысына сәттілік тілеп, ұсыныстарын да енгізді. Даулы мәселелерді сотқа жеткізбей-ақ шешетін бұл орталық келешекте білім ошақтарындағы келеңсіз мәселелерді азайтуға да сеп болмақ.
«Біздің мақсатымыз – істі сыртқа шығармау, сотқа жеткізбеу, сотқа дейінгі амалға апармау, барлық мәселені өзара шешіп, мәмілеге келу» - дейдіАтатүрік атындағы №17 мектеп-лицейінің директорыРахила Кенжебекқызы.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.